
Түркістан қалалық полиция басқармасына кешкі сағат 19:00 шамасында жергілікті тұрғын арызданып келген. Әйелдің айтуынша, күндізгі сағат 12:00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. 13 жасар жасөспірім қызының анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі
Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.