Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН ӘБДІСАЛАН НҰРМАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН ӘБДІСАЛАН НҰРМАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, кезінде Қазақстан ұлттық құрамасын баптаған бапкер Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында ХХХ халықаралық турнир тағы да жалауын көтерді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 13 человек и текст
Бокс бәсекесіне еліміздің 15 аймағынан және көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Камбоджа мемлекеттерінен іріктелген 145 былғары қолғап шебері 13 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтайды.
Дәстүрлі турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен Әбдісалан ағаның жұбайы Күлпаш Шаймерденова жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, баршасына сәттілік тіледі.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Айтулы бокс бәсекесін Түркістан облысының әкімдігі мен Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі жоғары дәрежеде ұйымдастырды. Халықаралық деңгейдегі бокс додасы жайында Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Шынболат Райханов жан-жақты баяндап берді.
Ринг төріндегі жұдырықты жігіттердің жекпе-жектері 18-24 шілде күндеріне жоспарланған. Турнир «Olympic Center» спорт кешенінде өтіп жатыр.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*