Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АУДАН БАСШЫСЫ АҒЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ АҒЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округіне арнайы барып Дархан елді мекеніндегі егістік жерлерді ағын сумен қамтамсыз ететін Құлтума каналының жағдайымен танысып, өзекті мәселелерді пысықтады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 7 человек
Осы ретте, шаруалар тарапынан Құлтума каналынан тармақтанып шығатын каналды қазып беру бойынша өтініштер мен ұсыныстар түскен болатын. Аудан басшысы шаруалардың өтінішін назарға алып, аталған каналды қазып беру бойынша су шаруашылығы мекеме басшысына және ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, техника жүретін жолды ашып беру қажеттігі бойынша жеке кәсіпкерке ескерту айтты.
Возможно, это изображение дерево, дорога и трава
Жұмыстарды саралаған аудан әкімі суғару маусымы барысында егістік жерлерге қажетті суды толық жеткізіп беру қажеттігін қатаң ескертті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*