Бұл жолғы акцияны Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері пайдалы әрі ерекше шарамен өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтсақ, республикалық маңызы бар трасса бойында жүргізушілерге «Жолда абай болыңыз!» тақырыбында жаднамалар таратылды. Жол апаттары көбіне үлкен жол бойында орын алатындықтан, көлік иелеріне жылдамдықты асырмай, қарсы бағытқа шықпай, сергек күйде көлік басқару керектігі түсіндірілді.
Сонымен қатар күннің ыстығы ескеріліп, жүргізушілерге су үлестірілді.
© Jetpisbai.kz