ОБЛЫС ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 200-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
в Түркістан, Қоғам, Әлеумет
93 Просмотров

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 19-20 шілде күндері «Жолда қабылдау» акциясын өткізіп, облыс тұрғындарын қабылдады. 22 орында өткен акцияның 2 тәулігінде тәртіп сақшылары 220-ға тарта тұрғынның мәселесіне ден қойды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауалға заң аясында құқықтық кеңес берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі
Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және айыппұлдарды мерзімінде төлеу, көші-қон қызметіне, кадр саласына қатысты сауалдар көптеп қойылды.

Жалпы бұл акцияның негізгі мақсаты — тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасындағы кері байланысты нығайтып, ашықтықты қамтамасыз ету, халыққа қолайлы жағдай жасау.

Айта кетсек, іс-шара келесі айда да өткізіліп, жалғасын табады.
2024-07-22