Қаланың көркін бұзатын ретсіз сауданы жою мақсатында Абай ауданының жауапты мамандары, тәртіп сақшыларымен бәрлесе жаңадан ашылған Шымсити саябағына рейд жұмыстарын күнделікті жүргізуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі күнге дейін аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесе ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасағаны үшін 50-ден аса азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған.
Құрметті қала тұрғындары! Сіздерді заңға бағынып, тек ресми сауда-саттыққа рұқсат берілген орындарда ғана сауда жасауға шақырамыз!
Ретсіз сауда қаланың көркін ғана бұзбай, қоқысқа айналып жатқан сауда орындары саябақты да ластап біткен. Қала – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет.
© Jetpisbai.kz