Ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Ауылым алтын бесігім” өнер фестивалі Бадам ауылдық округінде жалғасын тапты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара бадамдық ардагерлердің ауданда жүзеге асырылып жатқан нысандармен танысуынан басталды.
Фестиваль “Жастар аллеясында” жалғасып, қолөнер шеберлерінің және мектеп оқушыларының бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Спорт шеберлерінің жетістіктері мен марапаттары да паш етіліп, спорттық жарыстар өткізілді.
Аудан әкімі Азат Оралбаев бадамдықтарға жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға алғыс жариялап, сый-құрмет көрсетті.
Өз кезегінде күміс көмей әншілер әннен шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
© Jetpisbai.kz