Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мерлан Керімжановтың бастамасымен мәслихат депутаты Бөкейхан Әбішев, Газ техникалык қызметінің мамандары, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, аудандық төтенше жағдайлар және полиция басқармалары, «QazaqGaz Aimaq» АҚ ШӨФ және үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуші (ВДГО) мекемелерінің өкілдерімен бірге Шығыс шағын ауданындағы көпқабатты үй тұрғындарына улану жағдайларының алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісім-шарт жасау міндеттілігі түсіндірілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан түрлі деңгейде улану жағдайлары тіркелуде.
Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта барлық аудан аумағында жалғасады.
* Үй иесі газ тұтыну жүйелерінің, газ жабдығының тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті;
— Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар газ тұтыну жүйелеріне, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тиым салынады;
Сіз пәтеріңіздегі газ құралдарын қауіпсіз пайдалануға және үй ішіндегі газбен жабдықтау жүйелерін жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге міндеттісіз.
© Jetpisbai.kz