Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЕНБІЛІКТЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЕНБІЛІКТЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Шымкентте жыл сайын көктем мезгілі келгенде әдеттегідей айналаның тазалығы, арық көздерін ашу, ағаш отырғызу, ағаштарды бұтап, түбін әктеу үрдіске айналған. Осы орайда, бүгін Еңбекші ауданында жаппай сенбілік өтті.
Таазалық шарасына жалпы 8 мыңға жуық аудан тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері шығып, белсенділік танытты. Олармен көпқабатты үй ауласы мен ішкі орам көше бойларындағы жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер жолы қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ көпқабатты үй ауласы мен ішкі орам көшелерінің бойларына 3500 түп ағаш көшеті отырғызылды.
Бұл күні жалпы 32 көше, 4200 метр аяқжолдар мен 17,4 шақырым ирригация және арық жүйелері тазаланып, 5 мың текше метрге жуық күл — қоқыс шығарылды. Жұмысқа барлығы 22 техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, сенбілік кезінде ұйымдастырушылар барлық қатысушылардан санитарлық шараларды қатаң сақтап, бетперде тағып, арнайы қолғап киюін және арақашықтықты сақтауын сұрайды. Іс-шара шырайлы Шымкентті тұрғындармен бірге гүлдендіру мақсатында өткізілгелі отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*