Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 26 шілде сағат 10.00-де аудандық мәдениет үйінде (Темірлан ауылы, Қажымұқан к-сі №219), жеке қабылдауы сағат 11.00-де Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов к-сі №14), өтетінін хабарлаймыз, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2024 жылғы 25 шілдеге дейін сағат 9.00-19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 — 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды поштасы (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
© Jetpisbai.kz