Алдыңғы ағалар салған сара жолымен ауыл тұрғындарының бастамасымен бірлікте, ынтымақта болайық, деген мақсатпен «Ырыс алды-ынтымақ» тақырыбы аясында «Жілік ұстасу» дәстүрі өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жілік ұстасу» дәстүрі қазақтар арасында бауыр, дос болайық арамызды ешқандай ала жіп үзбесін деген мағынада жасалынады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жоспары аясында “Қазақстан бірлік пен татулықтың мекені” атты кездесу Сарыағаш ауданы, Жібек жолы елді мекенінде өтті. Аталған шара барысында Жібек жолы ауылындағы қазақ, азербайжан, өзбек өкілдері жілік ұстасып, дос-бауыр болып, ауыл жастарын татулыққа, ынтымаққа шақырды.
Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Алтаев, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Е.Күзембаев, ҰҚКД бастығының орынбасары Ж.Орынбаев, аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық ҰҚК-нің бастығы А.Қанатбаев, аудан прокуроры М.Мошқалов, облыстық мәслихат депутаттары А.Салимов, Қ.Салыбек, Ж. Абдибаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сулейменов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Исахов, ауданның бас имамы Т.Төлебек және арнайы шақырылған қонақтар аралас жекпе-жектен әлем чемпионы А.Оспанов, бокстан әлем чемпионы Б.Жақыпов, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Е.Есжанов және азербайжан, өзбек этностарының өкілдері мен Жібек жолы ауылының жастары қатысты.
© Jetpisbai.kz