Абдулабад және Базарқақпа тұрғын алабтарының жергілікті тұрғындары арасында мемлекеттік этносаясатты түсіндіру бағытында кездесу өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Еңбекші Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған кездесуге ауыл билері, қоғамдық бақылау кеңесі мүшелері және медиаторлар қатысты.
Кездесуде барысында ұлт аралық татулықты нығайту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты, этнос өкілдері көп шоғырланған аумақтарда бірлік пен достық қарым-қатынасты сақтау және оны жетілдіру бойынша үгіт насихат пен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
© Jetpisbai.kz