Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «ЖАСТАРДА ОЗЫҚ ИДЕЯ БОЛУ КЕРЕК!»

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «ЖАСТАРДА ОЗЫҚ ИДЕЯ БОЛУ КЕРЕК!»

Aудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс болып өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека
Жиында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің және “Жастар ресурстық орталығының” жыл басынан атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алғашқы болып құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Талғат Омарқұлов сөз алып, спорт және білім, медицина, тұрғын үй салаларында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ “Ауыл — Ел бесігі” бағдарламасымен ұсынылған жобалар, сыртқы көрнекі жарнамалар, кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлердің сыртқы қас келбетін реттеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Аудан әкімі аталған салада бірқатар нәтижелі жұмыстардың бар екенін айтып, бөлім басшысына ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп негізгі көшелердегі нысандардың қасбетін ретке келтіру бойынша эскиздік жоба әзірлеуді тапсырды. Одан бөлек ақтау, сырлау жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде жүргізуді міндеттеді. Сондай-ақ заңсыз жарнамаларды, құрылыстарды анықтау жұмыстарын жандандыруды айтты.
2024 жылы аудандық “Жастар ресурстық орталығы” тарапынан бас-аяғы 800 іс-шара өткізу жоспарланған болса, жыл басынан 498-і өткізілген. Одан бөлек орталық жанынан жастарға 5 үйірме жұмыс істейді. “Жасыл ел” бағдарламасына 110 жасты қатыстыру жоспарланған. Бұл туралы аталған орталық жетекшісі Әсел Баймаханова мәлімдеді.
Аудан басшысы орталық жетекшісіне жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардан тұрақты түрде хабардар етіп отыруды, жастар арасында ел назарын аударатын ауқымды шаралардың өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Жастардың қатысуымен өткізілетін шараларға ауылдардағы жастарды тартуды, қажет болса кесте жасап шараларды ауылдық округтерде өткізуді тапсырды. Сондай-ақ жастарда озық идеялапдың болу керектігін айтқан аудан басшысы әрбір іс-шараны тиісті деңгейде насихатталуы керек екенін қадап айтты.
Возможно, это изображение 1 человек
Мәжілісте күн тәртібінен бөлек аудандағы қоғамдық-саяси ахуал, абоненттерді табиғи газға қосу, санитарлық-тазалық мәселелері қаралды. Тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, оларды орындаудың мерзімдері белгіленді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*