Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қазығұрттықтар белсене қатысуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауданы әкімі Азизхан Исмаиловтың тапсырмасымен 13 ауыл округі бойынша республикалық, облыстық маңызы бар жолдардың бойлары, елді мекендердің ішкі көшелері, қоғамдық орындар мен мекемелердің ауласына тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстардан тазартылуда. Бұл ауқымды сенбілік жұмыстарына мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, еріктілер мен жастар белсене атсалысуда.
Құрметті тұрғындар! Баршаңызды қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестеріңізді қосып, көпшілік орталарда белгіленбеген жерге қоқыс тастамауға, тұрғын үйлеріңіздің аумағын тұрақты түрде реттеп отыруға және тазалықты насихаттауға шақырамыз!
© Jetpisbai.kz