Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ӘУЕСҚОЙЛАР ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ӘУЕСҚОЙЛАР ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Сарыағаш ауданының әуесқойлар лигасының ұйымдастыруымен шағын футболдан әуесқойлар арасында А -лига, супер лига, қызмет лига, 35 жастан асқан ардагерлер арасында өткен аудан чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Аталған чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, жүзден жүйрік шыққан үздіктерге кубоктарын табыстап, алдағы сайыстарда жеңіс тұғырынан түспей жеңіске жете берулеріне тілектестігін білдірді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 7 человек, помост и текст
— Баршаңызға аян қазіргі таңда спорттың футбол түрі әлемде милиондар ойыны болып саналады. Бұл спорт түрі біздің ауданымызда да қарқынды дамуда. Жасыл кілемде жасындай жарқыраған жастардың бәсекеге толы қызу да тартысты ойындарының өз деңгейінде өтуіне атсалысқан барша азаматтарға және осы теңбіл доп додасында өз шеберліктерін көрсеткен командалар мен олардың мүшелеріне өз алғысымды білдіремін,- деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша әуесқойлардың А- лигасында:
І орынға «Алаш» командасы,
ІІ орынға «Самал» командасы,
ІІІ орынға «ЦРБ» аудандық аурухана командалары ие болды.
Әуесқойлардың супер лига ойыншылары арасында өткен сайыста:
І орынға «Adal grup» командасы ,
ІІ орынға «Қапланбек»,
ІІІ орынға Ақниет командалары ие болды.
Әуесқойлардың 35 жастан асқан спортшылар арасында өткен жарыста:
І орынға ГЦВП ,
ІІ орынға Бүркіт,
ІІІ орынға Достар командалары ие болды.
Әуесқойлар лигасының қызмет лигасында:
І орынға «Шекара қызметі» командасы,
ІІ орынға аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы,
ІІІ орынға «Регион» командасы ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі кубоктарымен марапатталды.
Возможно, это изображение 11 человек
Айта кетсек, чемпионаттың мақсаты аудан тұрғындарына салауатты өмір сүру салтына насихаттау, бұқаралық спорт түрлеріне бейімдеу. Қазіргі таңда, футбол бойынша жалпы түрлі жас ерекшеліктеріне сәйкес 60-тан астам әуесқойлар командалары құрылып, 1600-ге тарта тұрғын шағын футболдан әуесқойлар лигаларында өнер көрсетуде.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*