Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН «ҚАЛДЫБАЙ АТА» САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН «ҚАЛДЫБАЙ АТА» САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Aудан орталығы Шолаққорған ауылында сауда нарығындағы танымал «Қалдыбай ата» аралас заттар желісінің жаңа сауда орталығы ашылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 11 человек и толпа
Жаңа орталықтың ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шараға жиналған қонақтар мен тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтап, сөз сөйледі.
— Өндірісі дамыған ауданымызда кәсіпкерлік саласы да қарқын алып келеді. Жыл сайын аудан кәсіпкерлері өз кәсібін жандандырып, көп жұмыстар атқарылуда. Бүгінде аудан орталығының өзінен бірнеше кәсіпкерлік нысандар бой көтеруде. Жаңадан салынып жатқан жаңа нысандар ауданның ажарын аша түсері анық. Аудан кәсіпкерлерінің бастаған кәсібі дамып, жаңа орталық халық игілігіне қызмет етеді деп сенеміз. Барлығыңызды жаңа нысанның ашылуымен құттықтаймын,– деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Екі қабаттан тұратын сауда орталықтың аумағы 1400 шаршы метрді құрайды. Жаңа нысан Бақытжан Қалдыбайұлының бастамасымен салынды. Онда 10-нан астам адам жұмыспен қамтылып, тұтынушыларға тұрмыстық техникалар, азық-түлік пен құрылысқа қажетті заттар қолжетімді бағамен ұсынылады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*