Кентау қаласы Ынтымақ алаңында 26-шы маусым халықаралық нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай шара ұйымдастырылды.
Жиында алғы сөзді алған қала әкімінің орынбасары А.Байболова жастарды қоғам дертіне айналған нашақорлықтан сақ болуға, өзін және жақындарын осындай зиянды әрекеттерден қорғауға шақырды.
Сондай-ақ шара барысында әр адамға терең ой салар «Наша сату» көрінісінен қаланың драма үйірмесі қойылым көрсетті.
Шара барысында спорттың гимнастика түрінен көрнекілік қойылым ұсынылып, қаланың мақтаныштары, спортшылары нашақорлыққа қарсы жастарға арналған насихат сөздері айтылды. Одан бөлек, асфальтке сурет салу сайысы өткізіліп, жастар арасында спорттық эстафеталық жарық ұйымдастырылды.
Халықаралық нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні қалалық «Жастар ресрустық орталықтың» ұйымдастыруымен «Қаратау» қорығында «ХАН fest» фестивалі өтті. Сайысқа 5 команда қатысып, барлық командалар мен жеңімпаз командалар жүлделі сыйлықтар мен марапатқа ие болды.