Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » КЕНТАУДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕНТАУДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кентау қаласы әкімдігінде қалалық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерінің қатысуымен кезекті комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Әлеуметтік қызмет көрмету орталығының басшысы Балабеков Ергали Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жұмыстары туралы баяндап өтті.
Қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу (мал, пәтер ұрлықтары, алаяқтық, қарақшылық, тонау және т.б) туралы ақпаратты Кентау қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Туймебаев Данияр баяндады.
Барлық ұсынылған ақпаратты тыңдап, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы және интернет-алаяқтық алдын алу жөніндегі жұмысты күшейту бойынша ұсынымдар берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*