Шардара ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық білім бөлімі, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жауапты мамандары, аудандық орталық аурухана жауапты медициналық қызметкерлері және құқық қорғау орган қызметкерлері қатысты.
Жиында күн тәртібіндегі аудандағы кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтыңалдын алу бағытында дәрігер-психиатр мен педагог-психолог мамандарының бірлесіп жұмыс жасауын қамтамасыз ету жұмыстары туралы атқарылып жатқан және атқарылатын жұмыстар сараланды.
Б.Шомпиев бірқатар мәселелерге тоқталып, комиссия құрамына балалардың құқықтарын қорғау, балаларғақатысты зорлық зомбылықтың, олардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауды ұйымдастыруды, білім беру мекемелерінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және психологиялық қолдау жүргізу бағытындағы озат психологтардың тәжірибесі негізінде семинарлар мен тренингтер өткізуді, аудандағы кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу профилактикасы бойынша психиатор-дәрігермамандары мен білім беру мекемелердегі педагог-психологтарымен бірлесіп тиісті жұмыстар жасауды ұсынуды, аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесе ауданның дәріханаларына құрамында есірткі бар дәрі-дәрмекті рецепсіз сату тиым салу бойынша ескертулер жасау, жасөспірімдердің ата-аналары немесе туыстарының қамқорлығынсыз қалу фактілерінің алдын алу мақсатында аудандық орталық емханамен және аудандық полиция бөлімімен тығыс байланыста жұмыстары жүргізілуін және жалпы орта мектептерде ата-аналары мен жоғары сынып оқушылардың қатысуымен арнайы мамандардың тартылуымен құқықтық тақырыптарға байланысты әртүрлі форматта кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстары жүргізіу керектігін жеткізді.