Абай ауданы әкімі аппараты, Абай ауданы жастар орталығы және полиция басқармасымен бірлесе отырып, синтетикалық есірткілердің жарнамаларын жою мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде коммерциялық құрылымдардың, көпқабатты үйлердің қабырғаларына, көше бойындағы бағаналарға жазылған синтетикалық есірткі жарнамалары жойылды.
Сондай-ақ, зерделеу барысында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықтама парақшалары таратылып, тұрғындармен кері байланыс орнатылды. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы жарнамалар дер кезінде өшірілді.
© Jetpisbai.kz