Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс он алтыншы сессиясы шақырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сессияға аудан әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Б.Р.Жамашовтың депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
2. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №9/52-VІІІ «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
© Jetpisbai.kz