Қала әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес Түркістанда апта соңында тағы да тазалық шарасы ұйымдастырылып, сенбіліктің соңы көңілді флешмобпен аяқталды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қ.А.Ясауи кесенесі мен Күлтөбе қалашығының аумағы, Жібек жолы саябағы, Отырар мөлтек ауданында өткен тазарту жұмыстарына 1000-ға жуық адам қатысты. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясындағы шараға қаладағы 6 сектор тұрғындары мен әкімдікке қарасты 14 мекеме қызметкерлері атсалысып, 13 техника жұмылдырылды. Сенбілік нәтижесінде қураған шөптер мен арық-атыздар тазаланып, 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ, панкратион спортынан әлем чемпионы Ержан Естанов пен шаһарымыздың қонағы Серғазы Тоқтарбек сенбілік жұмыстарына қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Шаһар халқына жылы лебіздерін білдіріп, түркістандықтардың қонақжайлылығына алғыстарын айтты.
© Jetpisbai.kz