Аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Телемұнара шағын ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда, мектеп ғимаратының А, Г және В блогтарында кірпіш қалау, сыртқы ауланың топырақтарын нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарына 104 адам жұмылдырылған.
Келесі кезекте аудан әкімі А. Оспанов көшесінің бойындағы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 300 орындық білім ордасының құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Мектеп ғимаратының жер жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ғимараттың бірінші қабатына кірпіш қалау және жертөледе сылақ жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс алаңында 30 адам жұмыс атқаруда.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкіліне құрыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, жұмысшыларды 100-ден асыруды, сонымен қатар жоспарға сәйкес сапалы аяқтау қажет екенін жеткізді.
© Jetpisbai.kz