Париж олимпиадасында дзюдодан 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев сербиялық Страхинья Бунчичті жеңіп, қола жүлдеге ие болды! – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл — Ғұсманның карьерасындағы ең үздік нәтижесі.
Сонымен Қазақстанда Париж олимпиадасының бір алтын, екі қола медалі бар.
Ордабасылық Ғұсманның үшінші орын үшін болған белдесуін жерлестері аудан орталығындағы мәдениет үйіндегі үлкен LED экраннан тамашалады.
© Jetpisbai.kz