Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен аудан аумағында автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың маусым айының 10-16 күндері аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
100-ге тарта жүргізушілерді қамтыған шара аясында Арыс ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен алдын ала және кезең-кезеңімен, жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік құралдарының техникалық жәй-күйі, оның ішінде рейс алдында жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақталуы тексерілуде.
Жедел профилактикалық іс-шарасы мақсаты, қоғамдық көліктерде:
— Жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеру;
— Заңсыз қайта жабдықталған автобустарды анықтау.
— Жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды пайдалануға тыйым салу.
— Жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус жүргізушілерінің рейс алдында мед.куәландыру және тех.байқаудан өтуін тексеру.
Аталған жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ТО ПД ППБ қызметкерлері Республикалық маңызы бар тас жолдарда күшейтілген түрде қызмет атқаруда.
Қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушылардың өмірі үшін жауап береді, сондықтан олардың жол қозғалысы ережелеріне деген біліктілігіне ерекше қатаң талаптар қойылады.
Іс-шараның мақсаты аудан аумағында қоғамдық көліктермен жасалатын жол көлік оқиғаларының, құқықбұзушылықтың алдын алу және автомобиль жолдарында жолаушылармен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру болып табылады. Іс-шара барысында жол көлік оқиғаларын, оның ішінде көлікті мас күйде басқару, қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру және басып озу, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдеріннен өту жәйіттарының алдын алу болып табылады.