Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » Облыстың бас полицейі атқарылған жұмысты пысықтап, жеке құрамға нақты тапсырмалар жүктеді

Облыстың бас полицейі атқарылған жұмысты пысықтап, жеке құрамға нақты тапсырмалар жүктеді

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің төрағалығымен ағымдағы жылдың 5 айында атқарылған жұмысты қорытындылау мақсатында жиын өтті. Оған барлық қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлімдерінің басшылары мен орынбасарлары қатысты.
Облыстың бас полицейі М.Қабденов: «Құрметті әріптестер! Қылмыссыз қоғам құру жолында баршамыз бірлесіп жұмыс атқарудамыз. Осы ретте назарымызды бірінші кезекте ел Президенті мен Ішкі істер министрі ден қойған жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмауға, алаяқтық, мал ұрлығы, жол көлік оқиғаларын азайту, қару қолданумен болатын қылмыстарға жол бермеу бағытында профилактикалық шараларды күшейтуді тапсырамын»-деп атап өтіп, басшы құрамға нақты тапсырмалар жүктеді.
Ақпарат ретінде айтып өтсек, 2024 жылдың 5 айында Түркістан облысында орын алған қылмыс өткен жылға қарағанда айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізіліп отыр. Мәселен, ұрлық қылмыстарының тіркелімі 38.2%-ға, пәтер ұрлығы 45.2%-ға, мал ұрлығы 46,6%-ға азайған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*