Қазақстан полициясы күні — осынау жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болған ардагерлерге және қазіргі кезде полиция сапында еңбек етіп жүрген жандарға ризашылық пен алғыс сезімін білдіру, сондай-ақ халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында құрбан болғандарға құрмет көрсету күні. Қазақстан полициясы — бейбіт күніміз бен ашық аспанымыздың тыныштығын қадағалап, қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі.
Айта кетсек, 1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады.Бұл — Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт. 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусым — Полиция күні деп бекітілді. Қазақстан полициясы күні — осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс білдіру күні. Сонымен қатар, бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып саналады.
23 маусым — еліміздегі қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтап, қылмыс пен құқықбұзушылықпен күрескер болып отырған Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі. Түркістандық полицейлер төл мерекесін “Фараб” кітапханасында салтанатты түрде атап өтті.
Салтанатты жиында қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қала прокуроры Каукен Нәрікбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Дәулетханұлы антқа адал, уәдеге берік әріптестерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, бірқатар тәртіп сақшылары мен ардагер полицейлерге алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді.
Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Ордабасылық полицейлер төл мерекесін атап өтті
23 маусым — Тәуелсіздіктің төл баласы еліміздегі қоғамдық қауіпсіздік пен
тәртіпті сақтап, қылмыс пен құқықбұзушылықпен күрескер болып отырған Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі. Ордабасылық полицейлер төл мерекесін аудандық мәдениет үйінде салтанатты түрде атап өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Айғабылұлы, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Құрманбекұлы және полиция бөлімінің ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Бақыт Маликов полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, өз құзіретіне сәйкес үздік полицейлерге алғыс хат табыстады.
Полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Саттарұлы антқа адал, уәдеге берік әріптестерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, бірқатар тәртіп сақшылары “Мінсіз қызметі үшін” медалімен наградталып, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы М.Қабденовтың алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар ардагер полицейлерге алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді.
Мерекелік шара соңы мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
”ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІНЕ” АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА
Арыс аудандық полиция бөлімінде ”Қазақстан полициясының 32-жылдығына” орай салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында мерекеге орай қызмет барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, стратегиялық аса маңызды және экономика саласындағы маңызы бар объектілерді күзетіп, мекемедегі тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтап, кәсіби шеберлік таныта білгендері үшін Арыс АПБ бастығының бұйрығымен біршама қызметкерлер грамота және алғыс хаттармен марапатталды.
Марапат жалғасы ІІО-ның құрметті ардагерлеріндде АПБ бастығының алғыс хаттарымен марапатталып, сый-құрметтер көрсетілді. Салтанатты іс-шара соңы Арыс ауданында орналасқан құқық құрғау органдарымен, ардагерлермен бірігіп футбол ойынын ұйымдастырып бағалы сыйлықтармен марапаттаумен аяқталды.
МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Түркістан облысы Полиция департаменті Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Полиция күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті.
Іс-шараны аудандық полиция бөлімінің бастығы Есенғали Елікбайұлы Бейсебаев ашып полицейлерді атаулы мерекелерімен құттықтады.
Шараға өздерінің адал қызметімен халықтың құрметіне ие болған ардагер полицейлер мен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің туыстары да шақырылды.
Сонымен қатар Есенғали Елікбайұлы қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген полицейлерді марапаттап, аудан әкімінің Алғыс хаты мен аудандық полиция бөлімінің марапаттарын табыстады.
Мерекелік шара концерттік бағдарлама мен футболдан ұйымдастырылған спорттық сайысқа ұласты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ПОЛИЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісай аудандық мәдениет үйінде салтанатты мерекелік шара өтті.
Салтанатты шара ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталып, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Т.Елшібаевтың арнайы құттықтауына ұласты.
Ол Ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысын жоғары дәрежеде атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне Жетісай ауданы әкімінің арнайы «Алғыс хатын» табыстады.
Іс-шараның марапаттау рәсімін Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Сапарбеков жалғап, жеке құрам қызметкерлері мен ІІО-да қызмет еткен ардагерлерді марапаттап, зейнет жасына жеткен полиция қызметкері Ақылбек Ануарбекұлына зор кұрмет көрсетіп шығарып салды.
Сонымен қатар, осы салада қызмет атқарып мезгілсіз қайтыс болған қызметкерлердің ата-аналарына да жеке құрам атынан өзінің шынайы алғысын білдіріп, сый-сияпат табыс етті.
ТҮЛКІБАСТА «ПОЛИЦИЯ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ
23-маусым «Қазақстан Полициясы күні» мерекесіне орай, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.
Түлкібас аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Сұлтанов, ауданы әкімінің орынбасары Е.Ормановтың және жеке құрамның қатысуымен салтанатты шара өтті.
Өзінің ыстық ықыласын білдіріп, қызмет атқару барысында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, үлгілі тәртібі мен қоғамдық тәртіпті сақтауда, жедел-қызметтік мәселелерді шешуде, болған қылмыстарды ашуда және қылмыстың алдын алу мақсатында қызметтерін абыроймен атқарған қызметкерлерді марапаттады.
Сондай-ақ 23-маусым «Қазақстан Полициясы күні» мерекесіне орай, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е.Орманов полиция қызметкерлерін құттықтап, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін алғыс хаттар табыстады.
Еткен еңбектің еленетіндігін мақтан тұтқан ардагерлер кеңесінің төрағасы жеке құрамға өз құттықтау сөзін жеткізіп, жұмыстарына табыс тіледі.
ҚАЗА ТАПҚАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТТІ
Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Полиция күніне орай әріптес дос Бауыржан Қабылбекұлы Қолдасовты еске алуға арналған футболдан турнир өтті.
Турнирге облысымыздың Келес, Сарыағаш, Шардара, Мақтаарал, Жетісай аудандары мен Шымкент қаласынан, жалпы алғанда 16 команда қатысып, үздік ойын көрсетті.
Турнирде жүлделі орын алған командалар қомақты сыйлықтармен марапатталды.
Бауыржан Қабылбекұлы ұзақ жылдар Жетісай ауданының полициясында қызмет атқарып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында тынбай қызмет етті.
Осындай еске алу турнирлерін өткізу арқылы әріптесіміздің рухына тағзым етіп, ұрпақтар сабақтастығы мен жас ұрпақтың бойында ерлікке зор құрмет сезімін оятатынына сенімдіміз!