Түркістан облысы Бәйдібек ауданының полиция қызметкерлері «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ауылдар мен елді мекендерді абаттандыру және ортақ пайдаланатын орындарды ластаудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.
Шара барысында полицейлер аудан аумағынан 360-тан астам құқық бұзушылықты анықтап, хаттама толтырды. Полиция азаматтарды “заң мен тәртіп” қағидатын сақтауға шақырды.
Айта кетейік, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлесімізді қосамыз деп отыр. Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын.