Бүгін облыстық Полиция департаментінде полицияның жеке құрамымен тәрбие жұмысын арттыру мәселелеріне арналған тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Жиынға Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Сапар, ішкі істер органының ардагерлері, қалалық, аудандық полиция басқарма бөлімдерінің жас мамандары мен олардың тәлімгерлері қатысты.
Аталмыш шарада полиция ұжымы ішіндегі тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға байланысты өзекті мәселелер белсенді талқыланды. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығы мен психологиялық жағдайын жақсартудағы ардагерлердің рөліне ерекше назар аударылды.
Полиция полковнигі Б.Сапар қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін, алғысын білдіріп полицияның кадрлық құрамының сапасын арттыру — ортақ мақсатқа қол жеткізудегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.