Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Жетісай полициясы 6 айда атқарылған іс-шараларды қорытындылады

Жетісай полициясы 6 айда атқарылған іс-шараларды қорытындылады

Түркістан облысы Полииция департаментіне қарасты барлық аудан/қала полиция бөлімдерінде апта ішінде қылмысты болдырмау,  құқыбұқзушылықтардың алдын алу бағытында бірқатар ісшаралар жүргізілді.
Атап айтқанда:
Жетісай полициясы 6 айда атқарылған іс-шараларды қорытындылады. Жетісай полициясының бастығы Әділбек Сапарбековтің төрағалығымен жетісайлық полицейлердің 2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс нәтижесін қорытындылау жедел кеңес отырысы өткізілді.
Кеңеске басшылық пен жеке құрам қатысты. Полиция полковнигі Ә.Сапарбеков кеңесті алғысөзбен ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, өзекті мәселелерді атап өтті.
Жедел кеңесте Жетісай АПБ бастығының орынбасарлары Е.Надиров, М.Құрбанов, С.Жайлыбаевтар құқық бұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтауда атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндады.
Созақ ауданындағы полицияның 6 айда атқарылған жұмысы қорытындыланды.
Ауданның жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша өткен жедел-кеңесте полиция бөлімінің бастығы Ж.Нысанбаев үздік қызметкерлерді марапаттады. Ал полиция бөлімі бастығының орынбасарлары өздеріне қатысты құрылым бойынша баяндама жасап, есеп берді.
Айта кетсек, Созақ ауданында 2024 жылдың 6 айында 48 қылмыс орын алған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 7,7 %-ға төмендеген. Сондай-ақ 4012 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заңға сәйкес шара көрілген. Өңір полициясымен қоғам тыныштығын қамтамасыз ету бағытындағы қызмет жалғаса береді.
Жиын соңында полиция бөлімінің бастығы Ж.Нысанбаев жеке құрамға сын-ескертпелерден нәтиже шығарып, жұмыс сапасын арттыруды ұсынды. Алдағы уақытта профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Түркістан облысында 6 айда бірқатар қылмыстар азайған.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденов, аппарат пен облысқа қарасты аудандық, қалалық полиция басшыларының жұмысын пысықтады. Яғни үлкен мәжіліс залында өткен жедел кеңесте 2024 жылдың 6 айында тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыстың нәтижелері қаралды. Департамент бастығының орынбасарлары өздеріне бекітілген құрылым бойынша баяндамалар жасап, есеп берді.
Статистикаға сүйенер болсақ, Түркістан облысында ағымдағы жылдың 6 айында 2551 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, өткен жылдың есептік мерзімімен салыстырғанда 2,3 %-ға төмендеді. Оның ішінде қылмыс саны 7,9%-ға азайған. Жалпы ұрлық қылмыстарының тіркелімі – 516-дан 330-ға азайған. Пәтер ұрлығы қылмыстарының тіркелімі 47,5%-ға азайған. Мал ұрлығы қылмыстарының тіркелімі 95-тен 50-ге төмендеген. Тонау қылмыстары 31%-ға төмендесе, бұзақылық қылмыстары 26,4%-ға қысқарған.
Жиын соңында полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов жеке құрамға балалар қауіпсіздігі, алаяқтық қылмыстары мен жол көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Себебі бүгінгі күннің басты мәселелері осылар болып табылады. Сондай-ақ 15 бағыт бойынша нұсқаулар беріп, жыл соңына дейін оң нәтижеге жетуге бағыттады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындар тыныштығын сақтауда жұмысты жандандыруға шақырды.
ПОЛИЦИЯ 9 ЖЫЛ БОЙЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДЫ ҰСТАДЫ
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды анықтады.
35 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді полиция қызметкерлері Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Күдіктінің 2015 жылы атыс қаруын қолданып, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілгені анықталды.
Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Тергеу күдіктінің қылмысқа қатысы бар екенін толық дәлелдеді, ал жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Туысының бұқаларын ұрлаған күдіктіге қатысты іс қозғалды
Сайрамдық полицейлер мал ұрлығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 59 жастағы ер адамды анықтады.
Белгілі болғандай, 3 бас бұқасын ұрлаған жәбірленушінің туысы болып шықты. Яғни ер адам материалдық пайда табу мақсатында туысының малы қайда болатынын жақсы білген соң тұрғын үйінен алыс орналасқан қорадан бұқаларын жетектеп кеткен. Содан бір бас бұқаны мал базарға сатып үлгерген.
Тәртіп сақшылары қолды болған 2 бас бұқасын айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА
23-28 шілдеде Жетісай ауданы аумағында полиция қызметкерлері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.Осы шара бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш шарада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарға жаза көрілетіндігін айтып, жолдарда жылдамдықты арттырмаулары ескертілді. Жол үстінде қауіпсіздік белдіктерін тағулары, ұялы телефонмен сөйлеспеулері де назарға алынды.
Ортақ пайдалану орындарын ластаудың 22 мыңнан астам дерегін полиция анықтады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы ретте Полиция департаментінің құрылымдарымен абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластаудың жыл басынан 22 439 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 13 647, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіргені үшін 5 690, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру бойынша 3 102 жайт тіркелді. Ал ағымдағы жылдың шілде айында 2672 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жылдың соңына дейін жалғасын табады және бұл жұмыстар күнделікті облыс әкімі мен Полиция департаменті бастығының назарында.
Осыған байланысты тұрғындарға экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жауапкершілікті арттырыңыздар деп ескертеміз.
Аудан аумағында «Автобус» іс-шарасы өткізілуде
Түркістан облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көлік жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және көлік тәртібін арттыруға бағытталған «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Ордабасы ауданының полицейлері рейд барысында ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша, 590-бабы 7-тармағы «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша және ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтады.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары қоғамдық көлік құралдарының санитарлық және техникалық жай-күйін, оның ішінде заңсыз қайта жабдықтау фактілерін және т. б. тексеруде.
Өз кезегінде полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережелерін қатаң сақтауға, маневр жасау ережелерін бұзбауға және жолдардағы жылдамдықты асырмауға кеңес береді.
Түркістан облысында мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылау күшейтілді
Мопедтер ірі қалалардағы жол қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ете бастады. Шағын көліктерді дамыту қосымша қозғалыс мүмкіндіктерін ұсынады, бірақ олардың көптеген иелері ережелерді сақтамайды, соңы апаттарға әкеледі.
Мәселен ағымдағы жылы өңірде мопедтердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сондықтан полиция қызметкерлері осы көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылауды күшейтті.
Нәтижесінде жыл басынан бері мопед жүргізушілеріне қатысты 325 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 16 жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың ата-аналарына 12 хаттама түзілген.
Өз кезегінде полиция мопед иелері мен облыс тұрғындарына жолдағы әрбір қадамды аңдап басуға, жауапкершілікке шақырады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*