Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АЛАЯҚТЫ ҰСТАҒАНЫ ҮШІН ПОЛИЦИЯҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

АЛАЯҚТЫ ҰСТАҒАНЫ ҮШІН ПОЛИЦИЯҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

Ордабасы ауданы полиция аға лейтенанты Айдар Құрманжанға жергілікті тұрғын әйел ақшалай қаражатын қайтаруға көмектескені үшін шынайы алғысын білдірді.
Бірнеше күн бұрын әйел полиция бөліміне инстаграм желісі арқылы «акт приемка» жасап беремін деген алаяқтың сөзіне алданып, жұмсалған ақшаны қайтаруға көмек сұрады.
Аталмыш факті бойынша іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция ізін суытпай күдікті ретінде 27 жастағы ер азаматты анықтады.
Осы арызды тексеру барысында қылмыскерді дер кезінде анықтап, істі сотқа жолдап, заң аясында қаражатын қайтаруға көмегін көрсеткен Айдар Амануллаұлына аудан тұрғыны риясыз алғысын жаудырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*