Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АРЫСТА ҚЫЛМЫС САНЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ АЗАЙДЫ

АРЫСТА ҚЫЛМЫС САНЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ АЗАЙДЫ

Арыс аудандық полиция бөлімінің басшысы Бауыржан Батырханұлы Қуатов жарты жылға қорытынды есеп беріп, кездесу өткізді. Шара барысында 6 ай бойына аудан полицейлерінің атқарған жұмыстарының нәтижесінде тіркелген қылмыстарды талқылады.
Атап айтқанда 6 ай көлемінде учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен ашылған қылмыс саны (10-нан, 15-ке) жоғарылаған. Мас халде жасалған қылмыстардың жалпы саны 25-тен, 13-ке немесе -48,0 пайызға төмендеген. Сонымен қатар қоғамдық орында жасалған қылмыстар -54,7 пайызға (53-тен, 24-ке) және көшеде жасалған қылмыстар -58,3 пайызға (36-дан,15-ке) төмендеген.
Тәртіп сақшыларының айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін бағалаған Бауыржан Батырханұлы өз сөзінде: «Полицияның халықтың қорғаушысы мен қолдаушысы болуы үшін оларды әрдайым бағыттап, игі істерге жұмылдырып отыру әрбір басшының міндеті болмақ. Сол себепті Арыстық сақшылар қай мезгіл, қандай уақыт болса да сіздер үшін қызмет көрсетуге әрдайым дайын!»-деп өз сөзін аяқтады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*