Бүгін облыс прокуроры М.Тлеубердиевтің төрағалығымен уәкілетті органдардың бірінші басшыларының қатысуында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиналыста 2023 жылы және 2024 жылдың өткен кезеңінде жол жүрісі қауіпсіздігі саласында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен қабылданған шаралардың тиімділігі талқыланды.
Статистикалық есепке сәйкес ағымдағы жылдың 5 айында облыс аумағында жол-көлік оқиғасы 54,1%, ал жәбірленушілердің саны 51,6% өcкен.
Сонымен қатар аталған кезеңде жол-көлік оқиғаларына қатысты — 208, оның ішінде адам өлімімен ұштасқан 26 қылмыстық іс тіркелген.
Мәжіліс барысында шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер мен криминогендік ахуал туралы жауапты лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалып, мемлекеттік орган басшыларының ұсыныстары талқыланды.
Жиын қорытындысымен Үйлестіру кеңесі мүшелері мен уәкілетті органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.