Сайрам аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында полиция басқармасының 2024 жылдың 6 айында атқарған атқарған жедел қызметтік жұмыстарының қорытынды есебі өтті
Есепті жиынды ашқан Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі М.Ермеков тәртіп сақшыларының жартыжылдықта атқарған қызметіне оңды баға беріп, жеке құрам қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, қылмыстарды болдырмау және тәртіп пен заңдылықты сақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері қозғалып өтті.
2024 жылдың алты айының қорытындысы бойынша аудан көлемінде жалпы тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда, 5,5 пайызға өскенімен, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы 82,7-ден 87,5 пайызға жоғарылаған.
Қазіргі таңда ерекше етек жайып отырған алаяқтық, бөтеннің мүлкін ұрлау, кәмелетке жасы толмағандарға қарсы жасалған, көшеде жасалған және бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстардың, ЖКО-ның алдын алу мақсатында полицияның кешенді күші осы бағытқа барынша жұмылдырылуда.
Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігіне полиция қызметкерлерін рация мен бейнебақылау камераларымен жабдықтауға ұсыныс беріліп, қолдау тапты.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қызметтік міндеттерін сапалы атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тәртіп сақшыларының жұмыстары атап көрсетілді.