Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА МӘЖІЛІС ӨТТІ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА МӘЖІЛІС ӨТТІ

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілі Тұңғышбаев Ерұлан Икрамұлының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Жиынды ашып берген Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов кеңеске қатысушыларды таныстырып, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің және заң бұзу фактілерінің алдын-алу бойынша қажетті шаралар атқарылып жатқандығын айтып, мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілі Ерұлан Икрамұлының баяндамасында Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістеріне қатысушылардың назарын аударды.
Атап айтқанда ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Бұл өзгерістің ерекшілігі, біріншідер – мұндай қылмыстарды әлеуметтік осал азаматтардың жекелеген санаттарының жасалуы, екінші өзгерісі – ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған сотталғандарға қатысты.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу мүмкіндігін тоқтату. Бұл арқылы жемқорлардың артықшылықтары жойылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді.
Жиын барысында Ерұлан Тұңғышбаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ТБН-4 жобаларын орындау бойынша түсініктеме берді. Жобалық басқару — бұл, ең алдымен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін көрсетуде, нақты нәтижелерге қол жеткізуде, сондай-ақ формализмнен алшақтауда көрініс тапқан институционалдық реформалардың маңызды кезеңі екенін атап өтіп, ТБН-4 шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру үшін мүмкіндіктер ашылатынын айтты.
Жиын соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, басшылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Колл орталығына (1424) дереу хабарлау керектігін ескертті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*