Бүгін Арыс қаласындағы Арыс стансасының желілік ішкі істер бөлімінің, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің, «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» және «Жасыл Арыс» мекемелерінің қызметкерлері арасында «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында кездесу өтті.
Жиынға ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері және Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Дүйсен қатысты.
Іс-шараның мақсаты халық арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады.
Жиын барысында тақырыпқа байланысты бүктемелер таратылып, сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тұщымды жауаптар берілді.