Арыс қаласындағы Қабылсай, Шағыр, Монтайтас және Атамекен елді мекендерінің тұрғындары арасында «Деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетінен сақтандыру» тақырыбында кездесу өтті.
Жиынға ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері және облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Дүйсен қатысты.
Іс-шараның мақсаты халық арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады.
Жиын барысында бүктемелер таратылып, тақырыпқа байланысты сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тұщымды жауаптар берілді.