Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ПОЛИЦИЯ ТАНЫСЫНАН КӨЛІК ҰРЛАҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

ПОЛИЦИЯ ТАНЫСЫНАН КӨЛІК ҰРЛАҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

‍♂️Мақтааралдық полиция қызметкерлері құны 1.600 000 теңге болатын «Daewoo Nexia» автокөлігін ұрлауға қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікті ер адам жәбірленушінің танысы болып шықты. Яғни көлік иесі көлікті жанар май бекетіне қойып, жұмысына кеткен. Осы сәтте көлікті сырттай бақылап жүрген танысы оған ескертпестен көлікті діттеген жеріне айдап кеткен.
Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті Шымкент қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды.
Возможно, это изображение 1 человек и автомобиль
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*