Абай Ауданының әкімі Шәкір Сұлтанхан бірқатар ойын алаңшаларының құрылысымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Асар, Асар-2, Достық, Қайнарбұлақ саяжайы, Асар сити шағынаударды аралау барысында атқарылған жұмыстарды көріп, жоспарлы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Алаңды абаттандыру жұмысы мамырдың соңында басталған болатын. Қазір ойын элементтерін орналастыру жұмысы жүргізілуде. Мердігер мекеме жуырда қолданысқа беру жоспарлап отыр. Спорт элементтерімен бірге, балаларға да арналған құрылғылар орнатылуда. Құрылғылары Шымкент қаласында өндірілген.
Айта кетейік, Абай ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде.
© Jetpisbai.kz