Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ОҚЫС ОҚИҒА! ХАБАРЛАНДЫРУ

ОҚЫС ОҚИҒА! ХАБАРЛАНДЫРУ

Төлеби ауданы Ленгір қаласында орналасқан «BuildingResourceLtd» ЖШС сенімді басқаруындағы қоқыс полигонында өрт оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аумағы 13 га жердің 1 га аумағын өрт шалып, оны сөндіруге 2 өрт сөндіру, арнайы жалпы 15 техника, 40 адам жұмылдырылды. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер 1 га. алаңда қоқыстың өртенуін сөндіруде.
Полигон аумағында инертті материалдармен толтыру және жалынды сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталады. Сондықтан, орын алған келеңсіздіктер үшін кешірім сұрап, сабыр сақтап, түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*