Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » «ЖАСТАР ШЫҢЫНА — 5 ЖЫЛ»

«ЖАСТАР ШЫҢЫНА — 5 ЖЫЛ»

Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар шыңы — 2024» іс шарасы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Аталмыш шараға Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмаилов, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Е.Бектаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Көшкінбай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Серкебаев, облысқа қарасты аудан, қала және ерікті, талантты жастары жалпы 50-ге жуық жас қатысты.
«Сайрам – Өгем мемлекеттік ұлттық паркіне» қарасты Мақпалкөл биігіне, яғни теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте орналасқан шыңға 2019 жыл — Жастар жылына орай, «Жастар шыңы» атауы берілген болатын. Биыл осы «Жастар шыңына» 5 жыл толып отыр. Өгем тауына арнайы ұйымдастырылған саяхат жұмыстарының негізгі мақсаты: еліміздегі эко – туризмді дамыту, еліміздің киелі орындарымен тарихи мекендерді жастар арасында кеңінен насихаттау.
Сонымен қатар, аудан әкімі А.Исмаиловтың және шараға қатысушы жастармен бірге «Таза Қазақсатан» акциясы аясында “Jasyl Marathon 24” плоггинг болып өтті. Аудан тұрғындары мен жастарды тазалыққа шақыру мақсатында Өгем өзені бойында өткізілген тазалық жұмыстарына жастар белсенді қатысты.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Сондай-ақ облыс жастары, аудан әкімідігі, Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен ерікті жастар арасында волейбол турнирі өткізілді.
Жарыс қорытындысына сәйкес:
1-орын «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің командасы
2-орын «Түркістан» командасы
3-орын «Қазығұрт ауданы әкімдігінің» командасы
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*