Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ БАСТАУЫ

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ БАСТАУЫ

Отырар аудандық орталық кітапханасында «Медиация — қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуші тетік» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 9 человек, люди учатся, стол, внутри помещения и текст
Медиация күні аясында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, аудан әкімі аппаратының заңгері Асхат Әмірхан, ауданың бас имамы Бақыт Әбусейіт, Отырар аудандық сотының өкілі Азат Қалмырзаев және медиаторлар қатысты.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы медиацияның өзектілігі мен тиімділігі туралы, қоғамдық медиаторлардың қызметін және аудан тұрғындары арасындағы татулықты нығайту жөніндегі жұмыстар туралы айтып, дөңгелек үстелге қатысушылармен пікір алмасты.
Келелі кездесуде кәсіби медиатор, «Дамудың демократиялық жолын қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Сапарбай медиация тарихын, сот процесіне (медиацияға) жол бермеу мақсатында тараптарды татуластыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды айтса, ауданның бас имамы Бақыт Әбусейіт ел ішіндегі бірлікті, ұлттық құндылықтарды насихаттау жұмыстары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының заңгері Асхат Әмірхан медиация институты, оның сот өндірісінен айырмашылығы, медиацияның тетіктерін ұтымды пайдалану, қызметте, қоғамда орын алатын дауларды екі тарапқа да оңтайлы реттеу сынды мәселелері туралы баяндады.
Жиынға қатысушылар тақырып аясында ұсыныс-пікірлерін айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерді кеңінен талқылады.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Жиын соңында аудандағы татулықты сақтау, елдің ынтымақ-бірлігін арттыру жолында еңбек етіп келе жатқан бір топ медиаторлар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*