Сарыағаш қаласы аумағында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес берешектерді өндіру мақсатында С.Ысмайлова көшесі бойында әкімдік қызметкерлері, аудандық полиция бөлімі және аудандық жеке сот орындаушылармен бірлесе рейдтік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сарыағаш қаласы бойынша 1645 тұлғаның 51 млн 737 теңге көлік салығынан төленбеген берешектері бар. Көлік салығын төлеуден жалтарып жүрген 2 борышкер анықталып 1 борышкерге ескерту беріліп, 2-ші борышкер берешегін іс-шара барысында төледі.
Көлік салығы бойынша борышкерлер санын қысқарту мақсатында Сарыағаш ауданына қарасты ауылдық округ аумақтарында рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35- бабына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы төлеу, салық заңдылықтарын сақтау – мемлекетіміздің алдындағы ортақ борышымыз.
© Jetpisbai.kz