8 ТАМЫЗДА АПТАП ЫСТЫҚ КҮТІЛУДЕ
в Түркістан, Қоғам, Әлеумет
143 Просмотров
Құрметті аудан тұрғындары

«КАЗГИДРОМЕТ» РМК Түркістан облысы филиалының мәліметінше 08 тамыз күні облысымыздың басым бөлігінде 40-42 градус аптап ыстық күтілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз!

Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз;

Есіңізде болсын, сағат 11:00-ден 17:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз;

Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;

Авто көлікпен ұзақ сапарды мейілінше шектеңіз, балаларға абай болыңыз!
2024-08-08