Қабылдауға алдын ала жазылған онға жуық аудан тұрғындары қатысып, көкейінде жүрген өтініштері мен ұсыныстарын аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовке жеткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан басшысы тұрғын-үй, жер қатынастары, жол саласына және мемлекеттен қайтарымсыз грант алу сынды әр айтылған өтінішті жіті тыңдап, жауапты орынбасары және бөлім басшыларымен бірге жеке-жеке талдап, заң аясында жауап қатты.
Құлан ауылындағы аппаты деп танылған мәдениет үйінің орнына жаңа нысанды соғуға бүгінгі таңда аудан тарапынан тиісті құжаттардың толық дайындалып, облыстық салалық басқармаға өткізілгендігін және қолдау тапқан жағдайда жүзеге асатындығын ауыл тұрғындарына түсіндірді.
Кейбір түйіні шешілмей тұрған мәселелерді сот тәртібі арқылы шешу үшін тиісті құжаттарды сотқа жолдауды жауаптыларға тапсырды.
© Jetpisbai.kz