«Спорт күні» мерекесіне орай Алматы қаласында өткен футболдан 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде түркістандық команда 3-орынға ие болды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 16 команда бақ сынаған жарыста Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының командасы» үздіктер қатарынан көрініп отыр. Турнирге дайындаған Еркебұлан Құнарбаев – Еуропа футбол қауымдастығы одағының С категориялы жаттықтырушысы.
Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» өз жұмысын бастап, облыс орталығындағы түрлі шараларға мұрындық болып, жүйелі жобаларды жүзеге асырып келе жатқанына 3 жылдан асты. Клубта шахмат, үлкен теннис, стритбол, қазақ күресі, футбол, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерінен 24 жаттықтырушы жұмыс істейді. Қазіргі таңда 1400-ге жуық оқушы аталған спорт үйірмелеріне қатысады.
© Jetpisbai.kz