Әне-міне дегенше жаз да жартысынан ауды. «Қыстың қамын жаз ойла» деп дана халқымыз атап өткендей жылыту маусымына осы бастан дайындықты күшейту керек, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы мақсатта аудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы аудандағы «Отырар Жылу» МКК-на қарасты Мыңшұңқыр елдімекеніндегі көпқабатты тұрғын үйлердің жылу қазандығында болып, жұмысшылармен жүздесті. Аудандағы жылу қазандықтарының қысқа дайындығын пысықтап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Мыңшұңқыр елді мекеніндегі жылыту қазандығы 2018 жылы пайдалануға берілген. Максималды қызу температурасы 90 градусты құрайды. 1,2 шақырымды құрайтын жылу жүйесі арқылы 13 тұрғын үй, 222 пәтер жылытылады. Жылу қазандығын қатты отыннан, табиғи газға ауыстыру жұмыстары атқарылған.

Аудан әкімі аралау барысында жауапты сала басшыларына аудандағы жылу орталықтарының жұмысын бақылау, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырма берді.
– Жылыту маусымына дайындық мәселесі тұрақты бақылауда болуы керек. Осындағы әрбір басшы, әрбір маман өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарса ғана ел қыстан қымтырылмай шығады. Жұмысқа жауапкершілікпен қарауды тапсырамын, – деді Қайрат Жолдыбайұлы.
© Jetpisbai.kz