Aудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Бірінші мәселе ауданда жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бойынша «ЫРЫС» МҚҰ төраға орынбасары Б.Бекбенбетовтың баяндамасы тыңдалды.
Екінші мәселе аудан тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту бағытында атқарылып жатқан жайлы ауданның мансап орталығының басшысы А.Ауезова баяндап өтті.
Келесі кезекте, ауылшаруашылық және өнеркәсіп саласындағы негізгі индикаторларды орындау туралы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Амирханов хабарлама жасады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев айтылған мәселелердің шешу жолдарын қарастыру бойынша жұмыстарды үйлестіруді, тұрғындарды жұмыспен қамту, кедейлік деңгейін төмендету бойынша ұлттық жобалардың нәтижелі жүзеге асырылуы бойынша ауданның әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық және ауданның мансап орталығына, ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.
© Jetpisbai.kz