Құрылысшы — құрметті де мәртебелі мамандық, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құрылысшылар еңбегі – ғасырлар бойы сақталатын мұра. Сондықтан қашан да құрметке лайық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде құрылыс саласын дамытуға, құрылысшылардың қарқынды еңбегін қамтамасыз етуге тұрақты назар аударып келеді.
Бүгін Құрылысшылар күні қарсаңында Аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Мейрамбек Ақмұратов ауыл-аймақтың өміріне мол өзгеріс енгізіп жатқан маман иелерінің өлшеусіз жұмыстарына алғысын жеткізіп, құрылыс саласының ардагерлері мен мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Осынау мерейлі мереке қарсаңында ауданымыздың өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан және қосып келе жатқан құрыш қолды құрылысшыларға ризашылығын білдіре отырып, бір топ азаматтарды аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.
Бұдан кейін аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдаулет Жұмабеков құттықтау лебізін білдіріп, кәсіби мереке иелерін аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Құрылысшылар мен сала ардагерлерінің құрметіне Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
© Jetpisbai.kz