Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Биыл қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушы-композитор Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 12 человек, памятник и текст
Осы орайда «Абай» аллеясында ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтары қойылды. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, тілегін білдірді. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Абайды оқимыз» жыр фестивалі ұйымдастырылып, онда оқырмандар ұлы ақынның өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқып, әндерін орындады.
Возможно, это изображение 16 человек, памятник и текст
Сондай-ақ, «Абайдың махаббат лирикасына 130» тақырыбында кітап көрмесі безендірілді. Жиын соңында үздік оқырмандарға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*